05. 10. 2017
Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде 2017 жылдың ІІ тоқсандағы хаттаманың орындалу барысы (суға түсу маусымы мен өрт қаупі кезеңдерінің қорытындысы), 2017-2018 жылдардың күзгі-қысқы мезгіліне дайындық барысы, азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау мәселелері қаралды.