16. 10. 2017
Жауын-шашын басталысымен ауыл халқын толғандыратын жол мәселесі облыс орталығынан шалғай орналасқан ауылдардың барлығында кездесетін жағдай. Өткен жылдары сондай жағдай ауданымыздың Оян, Атамекен ауылдарында халықтың жүріп-тұруына, қатынасқа қиындық туғызғаны белгілі. Халықтың мұң-мұқтажын ескере отырып, ауыл ақсақалдарымен ақылдаса келе Оян және Атамекен жолдарына, сонымен қатар Достық пен Бірлік ауылдарының кіре беріс жолдарына аудан аумағында кездесетін табиғи өнім ақ апоканы төсеу ұйғарылған болатын.
Жол төсеу барысында әр түрлі сұрақтар туындап, алып-қашпа пікірлердің орын алғаны рас. Қазіргі таңда апока төселген жолдар күзбен келген жауын-шашында қалыпты жағдайдағыдай езіліп кетпей, ауыл арасындағы қатынастың үзілмеуіне септігін тигізіп отыр.